18
май
2026
10–11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру
Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінде 10–11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру және болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар көрсету мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында “Үздік ұстаз” жобасының авторлары Нұрғали Асанұлы мен Данияр Бибатыр оқушылармен мазмұнды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар, мамандық таңдаудағы маңызды қадамдар, жоғары оқу орындарына түсу талаптары және шетелдік білім беру бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар шетелде білім алудың мүмкіндіктері, оқу гранттары, қажетті құжаттарды дайындау, халықаралық емтихандар мен оқуға түсу кезеңдері жөнінде кеңінен түсіндірілді.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықтарын таңдауға қатысты пайдалы кеңестер алды. Мұндай кездесулер жас түлектердің саналы мамандық таңдауына, білімге деген қызығушылығын арттыруға және болашаққа нақты мақсат қоюына ықпал етеді.
https://www.instagram.com/p/DYeYHcctti0/