21
март
2026
“Қош келдің, әз Наурыз” атты мерекеcі
“Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі” КММ-де Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатымен атап өтілді. “Қош келдің, әз Наурыз” атты мерекелік іс-шара кең көлемде ұйымдастырылып, барша жиналған қауымға шаттық пен қуаныш сыйлады.
🌿Көктемнің шуақты шапағатымен бірге келген әз-Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің нышаны. Осы мерекеде мектеп ұжымы мен оқушылар ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, қазақтың бай мәдениетін айшықтай білді. Ұстаздар мен шәкірттер әсем ән шырқап, мың бұралған билерін билеп, сахналық көріністер арқылы халқымыздың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын әсерлі жеткізді.
🌿Мерекелік шара барысында ұлттық ойындар ойнатылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Асық ату, арқан тарту секілді ойындар балалардың ептілігі мен шапшаңдығын танытса, үлкендер жағы да белсенділік танытып, думанның көркін қыздырды.
Наурыз құтты болсын! 🌷
https://www.instagram.com/p/DWH6TGqjXav/?img_index=1