06
май
2026
Отан қорғаушылар күніне орай «Әкелер форумы»
«Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінде» Отан қорғаушылар күніне орай «Әкелер форумы» өтті.*
Аталған іс-шараның басты мақсаты – әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту, отбасы құндылықтарын дәріптеу және жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу болды.
Форум барысында мектеп өміріндегі маңызды жаңалықтардың бірі – **«Жас полиция» сыныбының ашылуы** өтті. Сынып оқушылары салтанатты түрде ант қабылдап, елге адал қызмет етуге, тәртіп пен заңдылықты сақтауға уәде берді. Бұл сәт форумның ерекше әрі әсерлі кезеңдерінің бірі болды.
Форумның екінші бөлімінде әкелер екі топқа бөлініп, әртүрлі бағыттағы жұмыстарға қатысты.
🔹 **І топ: «Әке – әулеттің тірегі, тектіліктің жүрегі»**
Бұл бөлімде тренинг ұйымдастырылып, әкелер арасында ұлттық тәрбие, жеті ата мен шежіре тақырыптары кеңінен қозғалды. Қатысушылар түрлі жағдаяттық тапсырмалар (кейс) шешіп, топтық жұмыстар орындады. Әкелер өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.
🔹 **ІІ топ: «Менің атым – Бауыржан» тәрбиелік сағаты**
Бұл бөлімге мектептегі «Бауыржан» есімді мұғалімдер мен оқушылар қатысып, өз есімдерінің мән-мағынасын түсіндіріп, ерекше әсерлі
әңгімелер айтты. Сонымен қатар, қазақ халқының даңқты перзенті Бауыржан Момышұлы өмірі мен ерлігі кеңінен насихатталды. Оның батырлығы, отансүйгіштігі және өнегелі өмір жолы жас ұрпаққа үлгі ретінде ұсынылды.
Форум барысында оқушылар әкелеріне арнап өнер көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді. Әкелер мен балалар арасындағы байланыс нығайып, өзара түсіністік пен құрметтің маңызы ерекше атап өтілді.✨
https://www.instagram.com/p/DX_djYNN5aa/