Республикалық “Алтын сақа” математикалық олимпиадасының мектепішілік
1 қазан 2024 күні Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінде Республикалық “Алтын сақа” математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. 🔹 Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері: Математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, сыни тұрғысынан ойлауға, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды анықтап, ынталандыру. ▪️Олимпиадаға жалпы 41 оқушы қатысты. 🔺5 сынып - 25 оқушы. 🔺6 сынып - 16 оқушы.