Activity » Страница 6 » "Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі"
Almaty region
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727)3040077
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
1-қыркүйек білім күні
01
September
2024
1-қыркүйек білім күні
1-қыркүйек білім күніне орай “Мектеп-мейірім мекені ! “ тақырыбында салтанатты жиыны өтті. Шақырылған құрметті қонақтарымызға сөз беріліп, мектептің белсенді ата-аналары марапатталды. 2024-2025 оқу жылында мектебіміздің білім алушыларына сәттілік тілейміз !
“Мамыр ынтымақ айы” айлығында “Игі істер” акциясы
17
May
2024
“Мамыр ынтымақ айы” айлығында “Игі істер” акциясы
Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінде “Мамыр-ынтымақ айы” айлығында “Игі істер” акциясы бойынша 8 сынып оқушылары Қарасай ауданындағы Долан ауылындағы қарттар үйіне барып жүздесіп әл-ауқаттарын біліп қайтты.
“Каникулда кітап оқиық” “Кітап алмасу”
17
May
2024
“Каникулда кітап оқиық” “Кітап алмасу”
Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінің 1-11 сынып оқушылары арасында 10-17 мамыр аралығында “Каникулда кітап оқиық” буккроссинг ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары өздерінің оқыған кітаптарын “Кітап алмасу” бұрышына сыйға тартты.  
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы
12
May
2024
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы
Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 10«А» сынып оқушылары жетекшісі К. Сагинбаева «Мөлдір бұлақ» тақырыбында мектеп қасындағы өзен арықтарды қоқыстардан тазартты.
«Жат ағымдардан аулақ болайық»
12
May
2024
«Жат ағымдардан аулақ болайық»
Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінде терроризмге қарсы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П. Тустикбаева 8-10 сынып оқушыларына«Жат ағымдардан аулақ болайық» тақырыбында бейнетаспа көрсетіліп түсіндірме жұмыстары жүргізді.
«Мамыр-ынтымақ айы». «Ерлігім-елім үшін» тәрбие сағаты.
06
May
2024
«Мамыр-ынтымақ айы». «Ерлігім-елім үшін» тәрбие сағаты.
Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінде 9"В" сынып оқушылары жетекшісі Келімбетова Сарбиназ «Мамыр-ынтымақ айы» аясында 9 мамыр-жеңіс күні қарсаңында «Ерлігім-елім үшін» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.  
« Best жалға алушылар» акциясы.“Ас адамның арқауы”
06
May
2024
« Best жалға алушылар» акциясы.“Ас адамның арқауы”
Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінде « Best жалға алушылар»акциясында мектеп асханасын жалға алушы Баймухамбетова З.С және асхана аспаздары мен қызметкерлеріне “Ас адамның арқауы” демекші білім алушыларымызды дәмді тағамдарымен қамтамасыз еткені үшін шын жүректен алғыс айтамыз,жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін ! #халықтыңалғысыналғанаспазшы 
«Жол сақшылар» сыныбы
05
May
2024
«Жол сақшылар» сыныбы
Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінің білім алушыларына жолда жүру ережелерін насихаттау мақсатында сыныптардың ішінен үздік оқуымен,өнегелі тәртібімен көзге түскен 4 «А» сынып білім алушыларынан «Жол сақшылар» сыныбы ашылды сынып жетекшісі Урманова Жақсыгүл. “Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік” деген ұранмен болашақ жол сақшыларына сәттілік тілейміз!
«Өнегелі ұрпақ»
04
May
2024
«Өнегелі ұрпақ»
«Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі» Education Department of Kerbulak districtнің 5 «В» сынып білім алушылары мен сынып жетекшісі Сулейменова Алина Еркиновна, «Өнегелі ұрпақ» тақырыбына байланысты ауылымыздың еңбек ардагері 85 жастағы Коштибаева Күлжамал Дембаевна әжеміздің үйіне барып, ауласын қоқыстан тазалап, ағаштардың түптерін қопсытып, гүлдерге әдемі қоршау жасап, өз көмектерін көрсетіп қайтты. Күлжамал әжеміз жас ұрпақтарымыздың жасаған көмектеріне ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
«Ынтымағы жарасқан туған өлкем Қазақстан»
30
April
2024
«Ынтымағы жарасқан туған өлкем Қазақстан»
Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінде 1-мамыр мерекесіне байланысты «Ынтымағы жарасқан туған өлкем Қазақстан» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.Халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту және халықтар арасындағы ынтымақтастықты өркендету мен жандандыру .Еліміз аман,жұртымыз тыныш,болашағымыз жарқын болсын!