30
October
2024
Түстікбаева Перизат Қабдолданқызы
Түстікбаева Перизат Қабдолданқызы - әріптестері арасында үлгілі ұстаз, отбасында аяулы жар, мейірімді ана еді. Сұм ажал. Ақжарқын әріптесімізді арамыздан мезгілсіз алып кетті... Өмірді шын сүйетін, өз кәсібіне адал берілген Перизат Қабдолданқызы мектебімізде көп жылдардан бері тәрбие ісі жөніндегі орынбасар қызметін атқарды. «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы»,- деген ұлағатты сөзді ұстаным еткен әріптесімізді қара жерге қиMayмыз... Алланың ісіне шара жоқ. Оның ата- аналармен, мұғалімдермен, оқушылармен бірге жасаған өнегелі ісі бәріміздің жүрегімізде мәңгі сақталып қалады. Әріптесіміздің туған- туыстарына, перзенттеріне «Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі» КММ ұжымы атынан қайғыра көңіл айтамыз. Қош бол аяулы да қимас ұстаз!