Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінде Республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 8 сынып оқушылары «Таза өлке» тақырыбында мектеп алаңын қоқыстан тазартты.
Құрметті ата-аналар баланы смартфон, гаджеттерге тәуелді болудан сақтаңыз! Фаббинг - баланың психикасын бұзып, психологиялық және физиологиялық ауруларға алып келуі мүмкін.�Виртуалды әлемнің арбауынан абай болайық!
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт - береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінде 18-Наурыз "Ұлттық киім" күніне орай қазағымыздың ұлттық киімдерін дәріптеу мақсатында қазақи нақышта білім алушылар мен ұстаздар киінді.
Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінде 19-Наурыз күні ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында білім алушылар арасында "Қара жорға " биінен флешмоб өтті.
Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінде оқушыларға "Зиянды сайттардан аулықпыз" тақырыбында түсіндірме жұмыстар жүргізіліп,білім алушыларға жаднамалар таратылды.