«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын білім беру ортада белсенді қолдайды » "Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі"
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)3040077
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын білім беру ортада белсенді қолдайды
15
май
2025

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын білім беру ортада белсенді қолдайды

Прокурордың жас көмекшілері: заңға құрметті балалық шақтан қалай тәрбиелейді
 
Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша Алматы облысы прокуратурасымен «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын білім беру ортада белсенді қолдайтын прокурор көмекшілері клубының қатысушылары – кадеттер мен оқушылармен шабыттандыратын кездесу өткізді.
 
Кездесуде патриоттық тәрбие мәселесіне ерекше назар аударылды. Облыс прокуроры Берік Адамов қатысушыларға Ұлы Отан соғысының батыры, аңызға айналған тұлға – Бауыржан Момышұлының ерлігі, табандылығы және ұлттың рухани мұрасына қосқан үлесі туралы айтып берді.
 
Алғыстың белгісі ретінде әрбір жас көмекшіге Бауыржан Момышұлының автобиографиялық кітабы – «Ұшқан ұя» табысталды.
 
Сондай-ақ шара аясында қатысушылар «Қабырға артындағы балалық шақ» атты деректі фильмді тамашалап, Алматы облысы және Қонаев қаласы прокуратураларының ғимараттарына барып, құқық қорғау органдарының жұмысымен тәжірибе жүзінде танысты.
 
Кездесу соңында облыс прокуроры ұлы қолбасшының сөзін келтірді: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деп, тәртіп әр адамның өзінен басталатынын атап өтті.
 
Осы күні облыстық прокуратура мен білім басқармасымен бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Заң мен тәртіп – 2025 керуені» акциясы бастау алды. Акцияның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және әділет, заңдылық пен қоғамдық жауапкершілік құндылықтарын нығайту.
 
Бүкіл облыс бойынша 200 мыңнан астам оқушыны қамту жоспарланып отыр.
 
#Заң_мен_Тәртіп
                       
Алматы облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/994902?lang=kk
 
🌐 https://t.me/GenPr

https://youtube.com/shorts/FMV0dnpuy60?feature=share​​​
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив